Қар аралас жаңбыр жауады: 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

336

0

Сурет ашық дереккөзден

15 қыркүйекте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, орталықта және оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылордада, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарында, Атыраудың солтүстігінде, Алматы облыстарының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<