Қарауылтөбе тұрғыны бөдене шаруашылығын дамытуда

154

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгінгі «Әрекетке берекет» айдарында ерекше кәсіп түрі. Қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде бөдене шаруашылығын қолға алған кәсіп иесімен таныстыратын боламыз.

Кәсіп иесі Нұрлан Смағұлов 2023 жылы көпбалалы әке ретінде мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгініп, 400 АЕК көлемінде грантқа ие болған. Қаржыға адам ағзасына берер пайдасы мол бөдене шаруашылығын ашып, кәсібін жүргізіп отырғандардың бірі.

Қазіргі таңда шаруашылықта ет және жұмыртқа бағытындағы 4 мыңға жуық бөдене құсы бар. Бөдененің балапаны 40-45 күнде жетіліп, жұмыртқа бере бастайды. Күніне 1000-нан аса жұмыртқаны саудаға шығарады.

Қызылорда қаласының әкімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<