Қаржы министрлігі декреттік төлемдердің кешігу себебін түсіндірді

8

0

Фото: gemotest.ru

Қаржы министрлігі декреттік төлемдердің кешігуіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы  Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, жүйеде ешқандай техникалық ақау болмаған. Төлемдердің кешігуі банктік операциялардың демалыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты болған.

Министрліктің хабарлауынша, жұма күні аударылған қаражат Мемлекеттік корпорацияның шотына тек дүйсенбі күні түскен. Осыған байланысты төлемдер кестесінде аздаған жылжу болған.

Қаржы министрлігі декреттік төлемдерді есепке алу 14 сәуірден бастап басталғанын атап өтті. Ведомство барлық төлем кезең-кезеңімен толық көлемде жүргізілетінін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда декреттік төлемдердің кешігуіне байланысты аналар шағымданды. Әдетте 10 сәуірде түсетін қаражат уақытында түспеген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жағдайды демалыс күндеріндегі банктік операциялармен түсіндірді. Төлемдер 14 сәуірден бастап аударыла бастаған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры берешек жоқ екенін мәлімдеді. Бұған дейін азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтін әйелдерге де декреттік төлем алу мүмкіндігі берілгені хабарланған еді.