«Қасиетті Сырдың төл перзенті» атты әдеби-сазды кеш

430

0

Фото: Ә.Тәжібаев кітапханасы

2 ақпан күні облыстық кітапханада көрнекті ақын, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.Тәжібаевтің 115 жылдық мерейтойына орай «Қасиетті Сырдың төл перзенті» атты әдеби-сазды кеші ұйымдастырылды.

Шараға ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің, ҚР Президентінің мемлекеттік стипендиясының иегері Қ.Жәленова, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қ.Есімсейітова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, доцент Г.Искакова, Қазақстанның Құрметті журналисі Н.Рахмет қатысып, қазақ лирикасының жаңа белеске көтерілуіне атсалысқан, өзіндік қолтаңбасы бар талантты ақын жайлы естеліктерімен бөлісті.

Облыстық филармония әншісі А.Иманжаппар мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Б.Көшенеев ақын сөзіне жазылған әндерін орындап, кеш қонақтарын бір серпілтті. «Жас қалам» шығармашылық клубының мүшелері ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, естелік суреттерге түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<