Қатардағы жауынгер – республикалық жобаның лауреаты

360

0

ҰҚК Шекара қызметі ӘПҚБ ән-би ансамблінің әншісі қатардағы жауынгер Эльвира Нұрғожина «Түркістан дауысы» байқауының жүлдегері болып оралды. Жас орындаушылардың «Ән салатын дауыстар» республикалық жобасы Түркістан қаласында өтті.

Облыстық және республикалық ауқымдағы танымал таланттар вокал мен биден өздерінің бақтарын сынады.

Кәсіби қазылар алқасы Медеу Арынбаев, Маржан Арапбаева, Жанар Дугалова, Бейбіт Оралұлы және Өзбекстанның халық әртісі Мансур Ташматов біздің әншіге үшінші орын берді.

«Жеңіс фортунасы біздің жағымызда толық болмады. Келесі конкурста мен оны өз дауысыммен шақырып алам. Біздің әскери әншілерде тек командирлік дауыс қана емес» – деп бөлісті Эльвира.

Біздің таланттарымызға табыс тілей отырып, Шекара қызметі ансамблінің сапына қосыламын деген дарынды үміткерлерді шақыратынымызды қуана хабарлаймыз.

Байланыс телефонымыз: 8 (7172) 65-36-80.

ҚР ҰҚК ШҚ ӘПҚБ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<