Қазалы ауданында прокуратура ғимаратының құрылысы жүргізілуде

248

0

Фото: Қазалы ауданы

Бүгінгі таңда аудан орталығы – Әйтеке би кентінде аудандық прокуратураның барлық талаптарға сай, жаңа ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Алдағы уақытта ғимараттың құрылысы толық аяқталғаннан кейін прокуратура қызметкерлеріне ыңғайлы кабинеттері, мәжіліс залы, азаматтарды қабылдайтын бөлмесі, басқа да қызметтік жайлары бар жайлы, жаңа ғимарат табысталмақ.

Айта кетейік, аудандық прокуратура ғимаратының құрылысымен мердігер мекеме – «СК Монтаж и Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Екі қабаттан тұратын нысанның жалпы жер көлемі 2400 шаршы метрді құрайды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<