Қазалы көшелері жарықтандырылуда

820

0

Биыл Қазалы қаласындағы Абай, Өтепбергенов, Ш.Уәлиханов, Бекетай би, Қосаев, Қ.Рысқұлбеков, Б.Момышұлы, Толыбеков, Қазалы және Бөлекбаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Қазалы қаласына арнайы барып, жарықтандыру жұмыстарын көрді.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов атқарылып жатқан жұмыстарды жөнінде айтып берді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшылары мен мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне балабақша құрылысы сапалы жүргізіліп, белгіленген кестеге сәйкес жүру қажеттігін тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<