Қазалыда грек-рим күресінен республикалық ашық турнир өтті

673

0

Фото: Қазалы ауданы

Кеше Қазалыда КСРО Спорт шебері Сәбит Болатовты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов қатысып, жас палуандарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар спорт шеберінің ағасы Мәлкен Сәдуұлы мен достарының атынан Жолдас Аманұлы сөз сөйледі.

Турнирде Жамбыл облысы, Шымкент, Қызылорда, Кентау, Арал қалаларынан және Қазалы ауданынын барлығы 140-қа жуық спортшы бақ сынады.

Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өткен байрақты бәсекеде балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.

Турнир үздіктері мен жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталып, ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<