Қазалыда көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

5

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қазалы ауданында кең көлемді көктемгі санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Тазалық жұмыстары барысында аудан орталығы мен барлық елді мекендерде көшелерді тазалау, аяқсу арықтарын аршу, су жіберу, жол бойларын ретке келтіру, ағаштарды әктеу, қоршаулар мен бағаналарды, саябақтардағы орындықтарды сырлау, ретсіз өскен шөптерді шабу, гүл және ағаш көшеттерін отырғызу, жол бойындағы аялдамаларды жуып тазалау мен сырлау сондай-ақ көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда.

Бұл жұмыстар – тек тазалық шарасы ғана емес, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Тазалық әр адамнан, әр үйден, әр көшеден басталуы керек. Туған жерімізді таза ұстау – баршамызға ортақ міндет. Айналамыздың таза болуы өзіміздің мәдениетіміз бен қоғамға деген құрметімізді көрсетеді.

Осыған орай, барша аудан тұрғындарын тазалық акциясына белсенді қатысуға, қоршаған ортаны таза ұстауға, тазалық жұмыстарын әр адам өз аулалары мен көшелерінен бастауға және туған өлкеміздің көркеюіне бірге үлес қосуға шақырамыз!

Қазалы ауданы әкімдігі