Қазалыда «Светофор» дүкені ашылды

937

0

Кеше Қазалыда «Светофор» дүкені салтанатты түрде ашылды.

Жаңа сауда дүкенінің ашылуы аудан орталығы – Әйтеке би кентіндендегі 5 квартал тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды.

Шараның ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков жаңа дүкенді аралап, тауарлардың бағаларымен танысып шықты.

– Біз жергілікті тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді тауарлармен қамтамасыз етуге тырысамыз. Мұндағы тауарлар халыққа базардан әлдеқайда төмен бағамен сатылатынын айтып отыр. Одан бөлек, дүкенде жергілікті жерден 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Әрине, жаңа сауда нүктелерінің ашылуы, сауда желілерінің кеңеюі – баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, төмен деңгейде ұстауға оң ықпалын тигізеді, – деді Күнтілес Айдарбекұлы.

Жаңа дүкенде 3 мыңға жуық азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар ассортименті сатылады.

Сонымен қатар, бұл жерде тұрмысқа қажетті заттар, балаларға арналған киімдер, ойыншықтар, сусындар және ыдыс-аяқтардың түр-түрін табуға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<