ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР РЕФЕРЕНДУМДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

619

0

Қазалы ауданында бүгін 40 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда 46 389 дауыс беруші тіркелген. Тұрғындар таңғы сағат 7.00-ден бастап өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда.

Таңертеңнен бастап аудан орталығындағы әрбір референдум учаскелерінің алдында халық қарасы қалың. Олардың барлығы да референдумда өз таңдауларын жасауға асығуда.

Маңызды шараға таңертең ерте келгендердің қатарында медицина саласының ардагері Сержанқожа Берденұлы да бар.

Ақсақал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасын қолдап, Жаңа Қазақстанды бірге құру үшін дауыс беруге келгендігін атап өтті.

– Президент референдум өткізудің негізгі мақсаты – халыққа мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту екендігін атап өтті. Ең бастысы «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін президенттік басқару үлгісі енгізілгелі отыр. Одан басқа Президент өз қолынан өкілеттіктерінің біраз бөлігін парламентке беріп, парламенттің өкілеттігін кеңейткелі отыр. Басқа да көптеген өзгеріс бар. Біз қасиетті Қазалы ауданының халқы Мемлекет басшысының бастамаларын бірауыздан қолдаймыз, – деді №61 референдум учаскесінде дауыс берген Сержанқожа Берденұлы.

Қазалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<