«Қазақстан аруы-2000» байқауының қатысушысы өлі табылды

470

0

Мәскеуде «Қазақстан аруы-2000» байқауының қатысушысы Наталья Стешенко (Семаго) өлі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Мәскеудің «Луна» театрының 37 жастағы актрисасын 28 қарашада түстен кейін кішкентай бала тауып алған. Ол көршілерін көмекке шақырып, бәрі жедел жәрдем шақырған. Бірақ әйел дәрігерлер келгенше қайтыс болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<