Құрылтай

“Қазақстан темір жолы” басшысы қызметінен кетті

4

0

Фото: ҚТЖ

“Қазақстан темір жолы” басшысы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талғат Алдыбергеновты қызметінен босату туралы шешімді компанияның акционері «Самұрық-Қазына» қоры қабылдады. Ал қордың жалғыз акционері – үкімет.

«Жалғыз акционердің шешімімен «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Ұлттық теміржол компаниясының бос басшысының есімі әлі жарияланған жоқ.

Талғат Алдыбергенов бұл лауазымды қызметке 2025 жылдың шілде айында тағайындалған еді.