Қазақстанда бір айдың ішінде тұрғын үй бағасы қаншаға өсті

341

0

 Қазақстанда бір айда абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,5% өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бір айда (2021 жылғы наурыз 2021 жылғы ақпанға) абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 2%, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды», – делінген хабарламада.Еске салсақ, бұған дейін жылжымайтын мүлік саласындағы операция көлемі өткен жылмен салыстырғанда ақшалай мәні 37,7%-ға өскені туралы хабарлаған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<