Қазақстанда экотуризмге сұраныс артып келеді

188

0

Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келді. Бүгінде еліміз бойынша 16 визит-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 7 визит-орталық ұлттық парктер аумағында орналасқан.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, былтыр Алтын-Емел, Шарын және Іле-Алатауы ұлттық парктері жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық 3 жаңа визит-орталықпен толықтырылған.

Туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан бері министрлік жаңа бастамаларды пысықтап жатыр. Соның бірі – фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат беру. Бұл арқылы 10 мыңнан астам ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтуға болады.

Еске салсақ, бұған дейін Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жұбайының Бурабайдағы қонақүй бизнесі туралы тілшілер сұрағына жауап бергенін жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<