Үкіметтің 2026 жылғы 23 сәуірдегі қаулысымен «Көлік инфрақұрылымын дамыту орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды. — «Көлік инфрақұрылымын дамыту орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын, — деп көрсетілген құжатта.
Сонымен қатар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, тиісті шараларды қабылдау тапсырылды.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Президент Бектеновке көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірқатар міндет жүктеген еді.
Сонымен қатар Елорданың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында қаланы айналып өтетін теміржол салынатынын жазғанбыз.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев көлік инфрақұрылымының маңыздылығы жайлы айтқан еді.






