Қазақстанда «тыныштық режимі» сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін болады

729

0

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылау кезінде «тыныштық режимін» сақтау мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі туралы талаптарын сақтау мақсатында «тыныштық режимін» сақтау бойынша уақыт барлығы үшін бірдей болып белгіленді – жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10-ға дейін», – деді депутат аталған заң жобасы бойынша баяндамасында. Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<