Қазақстанда жарты миллионға жуық адам жұмыссыз жүр

453

0

Фото: Kazinform

Биылғы үшінші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 4,7% құрады, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Жұмыссыздар саны 451,5 мың болды.

Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқытумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі — 7,1%.

Маусым айының соңында Еңбекмин дерегінше халықты жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп жүрген адам ретінде 91,1 мың адам жүгінген.

Жұмыспен қамту бойынша барлығы 52,6 мың іс-шара жасалды, 18,4 мың адам кәсіптік оқытуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді.

4,9 мың адам қоғамдық жұмысқа қатысты.

Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2023 жылдың III тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,1 млн адам жұмыспен қамтылды.

Оның ішінде 6,9 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76%) жалдамалы жұмыспен, 2,2 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 24%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.

2022 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту 134,5 мың адамға, негізінен жалдамалы жұмыскерлердің (78,4 мың адам) есебінен өсті, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны (56,1 мың адам) өсті.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,6%), білім (12,8%), ауыл шаруашылығы (12,2%) және өнеркәсіп (12,1%) салаларында байқалды.

Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылған халықтың аптасына нақты жұмыс істеген сағаты — 38 сағат, бір жалдамалы қызметкерге — 40 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге — 34 сағат.

Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адам саны (әлеуетті жұмыс күші) — 23 мың.

Жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 31,2%-ын құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<