Қазақстандық әнші Ақерке Амалят Витебск қаласындағы «Славян базарында» өткен XXXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылары байқауында бірінші орын алды.
Қазылар алқасы екі күннің қорытындысы бойынша оның өнеріне 134 ұпай берді.
— «Славян базары» байқауының сахнасына алғаш рет 15 жасымда шықтым. Бұл ұзақ сапар болды. Бірінші орын алғаныма және елге жеңіспен оралатыныма өте қуаныштымын, — деді Ақерке Амалят.
Қазақ әншісі Гран-при иегері, 135 ұпай жинаған италиялық Сораядан бір ұпай ғана артта қалды.
Екінші орынды Беларусь әншісі Елена Кузнецова мен Молдова әншісі Алексей Осичев бөлісті.
Үшінші орынды екі қатысушы иеленді: қырғызстандық Нұрдоолот Деркембаев пен грузиялық Важа Гаделия.
Биыл бас жүлде үшін 19 елдің өкілдері бақ сынасты. Бірінші кезеңде жас әртістер «минус 1» жазбасымен әлемдік хит әндерді орындады.
Екінші күні қатысушылар Ұлттық Президент Оркестрінің сүйемелдеуімен славян тілінде шығарма ұсынды.
1992 жылдан бастап «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі жыл сайын шілде айының ортасында өткізіліп келеді және ТМД мен Шығыс Еуропадағы ең беделді мәдени форумдардың бірі саналады.






