Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

1109

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар мамыр айында 3 бірдей мерекені атап өтеді деп хабарлады turkystan.kz.

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар. Атап айтсақ, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады.

7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша 7 мамырдың орнына 8 мамырда демалыс. 9 мамыр күні тағы демалыс.

Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады:

– бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр;

– алты күн жұмыс істейтіндер 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<