Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

286

0

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын болжамына сәйкес, Астанада 27 мамыр күні күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Қарағанды облысының орталығында, шығысында екпіні жел соғып екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағандыда 27 мамырда күңдіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда күңдіз Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күңдіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқағанда 27 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

27 мамырда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-ке жетеді.

Алматыда 27 мамырда түнде тұман түседі.

Қонаевта 27 мамыр күні түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтауда 27 мамыр күні түнде және таңертең найзағай ойнайды.

27 мамырда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанайда 27 мамырда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.

Өскеменде 27 мамырда күндіз найзайғай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

27 мамырда Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Атырау облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

27 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавлда 27 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

27 мамырда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Павлодарда 27 мамырда батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

2024 жылғы 26-28 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарда болжамнан көп мөлшердегі жауын-шашынға байланысты беткейлік ағындардың қалыптасуы, кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың ылғалдылығы көбейіп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі, қауіпті деңгейден асуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<