Қоян-қолтық ұрыста алтыннан алқа тақты

904

0

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай, Атырау облысында тамыз айының 11− 13 күндері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті. Бұл сайысқа Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, арнайы құрылым қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасынан 17 құрама командалары қатысты.

Жарыстың негізгі мақсаты – қоян-қолтық ұрысты әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, күш құрылымдары қызметкерлерінің физикалық дайындықтарын сынға салу. Қоян-қолтық ұрыс тартысқа толы болды. Өйткені, ойынға кіл мықтылар іріктеліп алынып, жоғары деңгейде өнерлерін ортаға салды.

Спорттық додада жерлесіміз 80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы полиция лейтенанты Аманқосов Нұршат сынға түсті. Жарыс барысында 4 кездесу өткізіліп, барлығын айқын жеңіспен аяқтап, ақтық сында қарсыласын берілген уақыттан бұрын нокаутпен жеңіп, алтыннан алқа тақты. Жеңімпаз кубок, медаль және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<