Белгілі әншілер Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде құдаларымен түскен суретін жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Өнер иелері жариялаған видеода: «Құдай қосқан құдаларымызбен кешкі ас», – деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары құдалардың жарасымды қарым-қатынасы мен өзара сыйластығына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.
«Ұзағынан сүйіндірсін», «Керемет», «Көз тимесін», «Құдағи сырласындай», «Жастар бақытты болсын»,– деп жазды көпшілік.





