Құлсары қаласын басқан тасқын судан 9 рет сынама алынған

154

0

Фото: Жылыой аудандық СЭБ басқармасы

Атырау облысындағы Құлсары қаласын басқан тасқын судан 9 рет сынама алынған, деп хабарлады Қазақпарат.

Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллиннің айтуынша, уақытша эвакуациялау пункттерінен және су беру көздерінен күн сайын сынама алынып отыр.

«Осы кезге дейін тамақ өнімдерінен 133 сынама алынды. Құлсары қаласындағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 118 сынама алынып, талдауға тапсырылды. Судың түсіне байланысты 4 сәйкессіздік анықталды», – деді Талғат Хабибуллин.

Оның айтуына қарағанда, судан микробиологиялық зерттеу үшін алынған 122 сынамадан сәйкессіздік анықталған жоқ.

«Жылыой ауданының аумағындағы тасқын судан 9 сынама алынған еді. Талдаудың қорытындысымен Энтеровирус, ВГА, Ротавирус теріс нәтижесін көрсетті. Қазір 7 сынаманы талдау жалғасып жатыр», – деп мәлім етті Талғат Хабибуллин.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жылыой ауданынан 1942 отбасы бір реттік әлеуметтік көмек алуға өтініш бергенін хабарлаған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<