«Құрмет» орденінің иегері атанды

4

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы Рүстемов «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев салтанатты түрде табыстады.

Руслан Рүстемұлы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. Әр жылдары облыс пен аудан деңгейіндегі жауапты қызметтерде еңбек етіп, өңірдің өркендеуіне атсалысты. Бүгінде Сенат депутаты ретінде заң шығару ісіне белсенді қатысып, ел мүддесіне бағытталған бастамаларды жүзеге асыруда.

Бұл марапат оның көпжылдық адал еңбегі мен нәтижелі қызметіне берілген лайықты баға. Қуанышты жаңалықты Сыр жұртшылығы зор ризашылықпен қабылдады.

Құрметті Руслан Рүстемұлы, жоғары марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық, ел игілігі жолындағы жұмысыңызға сәттілік тілейміз!