Қырғызстанда лаңкестік әрекет жасамақ болған қылмыскер ұсталды

289

0

Фото: Kабар

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті террористік және сепаратистік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қырғызстандық А.И.И.-ны ұстады.

Арнайы қызметтің мәліметінше, ұсталған ер адам мен оның Ош облысының тұрғындары арасынан шыққан сыбайластары 2010 жылғы оқиғадан кейін Қырғызстан аумағында теракт жасауды жоспарлаған. Осы мақсатта олар атыс қаруы мен жарылғыш заттар сатып алған.

2011 жылы МҰҚК қару-жарақ пен жарылғыш заттар қоймасын анықтады, содан кейін А.И.И-дің екі сыбайласы ұсталып, сотталды. Қылмыстық топтың қалған төрт мүшесі, оның ішінде ұсталған ер адам қашып үлгерген. Төрт адамның екеуі Сирияға қашып, онда халықаралық лаңкестік ұйым жағында болған шайқастар кезінде қаза тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<