Қызметкерлер донор болған күн

472

0

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұжымы бір жұмыс күнін игі істен бастады. Барлық қызметкерлер ұйымдасқан түрде қан тапсырып, донор болды.

Бүкіләлемдік пандемия кезінде ерікті қан тапсыру арқылы індетке қарсы тұрып, көпшіліктің саулығы үшін өз үлесін қосуға деген қызметкерлер ниетін Қан орталығының көшпелі тобы қуана қолдады.

Дәрігерлер облыстың қан қорын толтырғаны үшін мамандарға ризашылығын білдірді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<