Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды

7

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Кенесары Бағбанұлы таныстырылды.

Облыс әкімі жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.

«Департамент алдында Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі нәтижелі орындау, заманауи цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, қоғам мен бизнестің заңды мүдделерін қорғау, өңірдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр. Жоғары жауапкершілікті талап ететін күрделі саладағы Кенесары Бағбанұлының терең білімі мен мол тәжірибесі экономикалық қылмыстарды анықтауға зор үлес қосады деп сенеміз!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Кенесары Бағбанұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2015 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

2021 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу департаменті басшысының орынбасары лауазымында абыройлы қызмет атқарып келді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі