Құрылтай

Қызылорда облысында автожолдардан алынған 761 сынама сараптамадан өтті

23

0

Биыл Сыр өңірінде жол құрылысына ерекше көңіл бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы орайда, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесі өз құзіреті шегінде республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына бақылау жүргізіп келеді. Орталық мамандары осы күнге дейін аймақта қайта жаңғыртудан өтіп жатқан 73 нысанға 327 рет жолға шығып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Және асфальт жабындысы мен жол құрылыс материалдарынан алынған 761сынама зертханалық сараптамадан өтті. Жалпы филиал тарапынан облыс аумағындағы жол құрылысына жоспарға сәйкес ұдайы бақылау жүргізіліп келеді.

Жалпы өңірде республикалық маңыздағы жолдардың 12 бөлігінде, 9 облыстық,  3 аудандық және ауылдық ішкі жолдар және қалада 6 көше мен  ауылдық округтер бойынша 43 көше желілері бүгінде түрлі деңгейдегі жөндеуден өтіп жатыр.

Ия, қазір жол салушы компанияларға талап күшейді. Жол құрылыс жұмыстары қатаң бақылауға алынды. Егер, жылжымалы зертханамен алынған сынамалардан сәйкессіздіктер анықталған жағдайда сапа орталығы тарапынан хаттама толтырылып, мердігерлер мен тапсырыс берушілерге тиісті ұсыныс беріледі. Атап айтсақ, тексеру барысында көбіне кездесетін ақаулар асфальт жабындысынан алынған керіндердің тығыздық коэфициенті, суға қанығуы, құрамының дұрыс болмауы секілді кемшіліктер жиі кездеседі. Ал анықталған олқылықтарды мердігер компания өз қаражаты есебінен қайта қалпына келтіруге міндетті.