Қызылорда облысында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде

23

0

Фото: ЖИ

Биыл Қызылорда облысында аса қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы 65 180 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде италиялық прусқа қарсы – 31 830 гектар, ал азиялық шегірткеге қарсы 35 350 гектар жер өңделмек.

Қазіргі таңда өңдеу жұмыстары жүргізілетін барлық ауылдық округтер бойынша қажетті техникалар дайындалып, зерттеушілер мен жауапты мамандар бекітілді.

Зерттеу жұмыстарына жалпы саны 170 зерттеуші маман тартылған.

Бүгінде экономикалық зияндылық шегінен асқан аумақтарда химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс бойынша италиялық прус шегірткесіне қарсы 1 095 гектар жер өңделді.

Өңдеу жұмыстарына 6 жерүсті агрегаты мен 5 дрон жұмылдырылған.