Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы азаяр емес

446

0

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының саны мен жарақат алушылардың саны азаяр емес, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылорда облысының Полиция департаменті тарапынан тіркелген әрбір жол-көлік оқиғасы талданып, белгіленген басым бағыттар бойынша шаралар қабылдануда. Бұл бағытта «Ekin Patrol G2» және «Вуево» мобильді кешендерінің қолданысқа енгізілуі нәтижесінде жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандар саны төмендеді. 

Десе де жүргізушілердің жол ережесінің сақталмауы нәтижесінде жол-көлік оқиғалар саны 22,3%, жарақат алғандар 30,2%-ға көбейген. 

«Жол жүру ережесін бұзудың 171 мыңнан астам дерегі анықталса, оның 95 мыңнан астамы жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтар. Олардың қатарында көлікті масаң күйде басқару, қарсы бағытқа шығу, жылдамдық асыру, ұялы телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу оқиғалары бар.

Биыл 9 қыркүйектен бастап 192 мопед жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 620-бабымен (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын талаптарды бұзу) әкімшілік хаттамалар рәсімделді. Облыс бойынша жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында «Қауіпсіз жол», «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Автомобиль» жедел профилактикалық шаралары үнемі жүргізілуде. Мобильді кешендер елді мекендерге патрульдеуге жұмылдырылуда», — деді Қызылорда облысы Полиция департаментін Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дәурен Майрихов.

Қоғамдық автокөліктердің техникалық жай-күйі тексеріліп, автопарк жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада құны 1,7 млрд теңге болатын 4 мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<