Қызылорда: Соңғы үш жылда 721 қандасымыз көшіп келді

745

0

Соңғы үш жылда облысқа 721 қандасымыз көшіп келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда ОПД Көші-қон полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сағындық Қамитбеков мәлімдеді.

Өткен жылы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Яғни, қандастардың азаматтық алу мерзімі қысқартылды. Қазір көші-қон қызметі саласында 12 мемлекеттік қызмет көрсетілуде, оның 75% электронды. Жыл соңына дейін 90 пайызға жеткізілмек. Жалпы, биыл 96 мың 640 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

– Өздеріңіз білетіндей, пандемияға байланысты облыс аумағына бүгінгі күнге шетелдіктердің келуі азайды. Қазіргі таңда көші-қон қызметі саласымен облыс аумағына түрлі мақсаттармен 2 мың 964 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Өткен жылы 25 мыңнан астам өзге елдің азаматы келген болатын. Жыл басынан еңбекші көшіп келушілер шетелдіктерге барлығы 6 мың 507 рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке 92 млн астам теңге салық түсті, – деді Сағындық Убайдуллаұлы.

Бұдан бөлек, халықты құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар жалғасуда. Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылған. Мобильді топтармен барлығы 2 мың 500-ден астам тұрғынның құжаты әзірленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<