Құрылтай

Қызылордада 17 табиғат пайдаланушыға айыппұл салынды

5

0

Фото: Қызылорда облыстық экология департаменті

Қызылорда облыстық экология департаменті 2026 жылдың бірінші жартысында қоршаған ортаны қорғау саласында 37 субъектіге бақылау шараларын ұйымдастырды.

Нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарын бұзудың 83 дерегі анықталды.

— Әкімшілік істер қозғалып, жеке және заңды тұлғаларға 71 айыппұл салынды, соның 60-ы өндірілді. Өндірістік экологиялық бақылау есебін тапсырмаған 17 табиғат пайдаланушыға әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 6 дерегі анықталды, — деді департамент басшысының орынбасары Алмас Ысқақов.

«Қазақстан ғарыш сапары» компаниясы 2018 жылдан бері бейберекет қалдық тасталған орындарды анықтау бағытында қызмет көрсетіп келеді. 

— Жыл басынан бері ғарыштық мониторинг арқылы 50 рұқсатсыз қалдық орны анықталды. Республикада алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысында мұндай орындар қысқа мерзімде 100 пайыз жойылды, — деді Алмас Ысқақов.

2018-2025 жылдар аралығында бейберекет қалдық аумағы екі есе қысқарған.