Қызылордада 46 жастағы азамат алты айдан бері хабарсыз кетті

459

0

Қызылорда қаласында 46 жастағы азамат алты айдан астам уақыттан бері хабар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласының 46 жастағы қала тұрғыны Науанов Еркін Аханұлы 2022 жылғы 9 шілдеде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Содан бері үйіне қайта оралмаған. Осыған байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салды. Ерекше белгілері: бойы: 1,75 -1,80 см орта денелі, шашы қара ақ аралас, көзі коңыр, қалың қасты.

Киімі: ақ түсті футболка, қара түсті шалбар.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдай 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<