Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Айт мейрамы. Таңсәріден Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне жиылған халықты Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы құттықтап, «Ораза Айт – ұлық мереке» тақырыбында уағыз айтты. 19 000 қызылордалық қатысқан айт намазынан соң ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.

Айта кетейік, аймақ мешіттерінде мереке құрметіне жамағатқа арналып дастархан жайылып, наурыз дәмі ұсынылды. Балаларға «айт тәттісі» таратылып, ұлттық ойындардан спорттық сайыстар өткізілді.
Сондай-ақ, облыс көлемінде қайырымдылық шараларын өткізу де жоспарланған. Және «Айттау» дәстүрін жаңғырту мақсатында мешіт қызметкерлері қарттар мен науқас жаңдардың көңілін сұрап, мерекемен құттықтайтын болады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі





