Қызылордада бір күн бұрын жоғалып кеткен әйел табылды

601

0

Қызылордада бір күн бұрын хабарсыз кеткен 41 жастағы әйел табылды.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел 102 арнасына 21 ақпанда жергілікті тұрғын қарындасының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде арызданған еді.

«Қызылорда қаласы полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері аталған хабарлама негізінде іздестіру жүргізді. Барлық көшелер, аулалар мұқият зерделеніп, жергілікті тұрғындардан сұрау жүргізілді. Жедел- іздестіру жұмысының нәтижесінде жоғалған 41 жастағы азаматша қала көшелерінің бірінен аман-есен табылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<