Қызылордада фельдшерлер жүрегі тоқтап қалған науқастың өмірін сақтап қалды

1863

0

Фото: Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы

Қызылордада жедел жәрдем фельдшерлері жүрегі тоқтап қалған науқастың өмірін сақтап қалды.Қызылорда қаласында жүрегі сыр берген әйел кісі жедел жәрдем қызметі көмегіне жүгінуге мәжбүо болады. Бұл шақыруға қаладағы №3 бөлімше фельдшерлері Саят Қыстаубаев пен Жалғас Шарапов жедел жетті. Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

«Науқасты ауруханаға жеткізу қажеттілігі туындайды. Жол бойында қарияның денсаулық жағдайы нашарлап, жүрегі тоқтап қалады. Көлік ішінде фельдшерлер науқастың жүрегіне қайта жандандыру әдісін жүргізу әдісін қолданады. Осыдан кейін науқастың жағдайы қайтадан қалпына келіп, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіледі. Қазір науқастың жағдайы бір қалыпты, кардиология бөлімінде ем қабылдауда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасынан.

Қарияның отбасы адам өміріне арашашы болған медицина мамандарына алғысын білдірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында наурыз айында 331 адам қызылша жұқтырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<