Қызылордада киік етін сатып тұрған қала тұрғыны ұсталды

180

0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда қаласында «Браконьер» іс-шарасы барысында киік етін сатып тұрған қала тұрғыны ұсталды.

04 ақпаннан бері Қызылорда қаласында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараға арнайы Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан мобильдік топ құрылып, жұмылдырылуда.

– Шара барысында табиғатты қорғау инспекторы бағыт – бағдар аралау барысында Абай даңғылы көшесінің бойында дүңгіршектің жанында 1-дана киіктің өлі денесін сатып тұрғанын анықтады. Айғақ зат тәркіленді. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде, – делінген Қызылорда облыстық полиция департаменті ұсынған хабарламада.

Бұл орайда, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<