Қызылордада көліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын қолды қылған күдікті ұсталды

535

0

Фото: Polisia.kz

Қызылордада полиция қызметкерлері автокөліктен 700 АҚШ долларын, банк карталарын ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде ұрлық қылмысының «ізі суымай» ашылды.

2 желтоқсан күні түнгі уақыт 03:00-де қала аумағындағы үйінің алдында тұрған Toyota Rav-4 автокөлігіне ұры түскендігі жөнінде «102» арнасына жәбірленуші шағым түсірген. Арызданушының айтуы бойынша автокөлік ішінен 700 АҚШ долларын, банк карточкаларын және жеке құжаттарын ұрлап кеткен. Күдікті азық-түлік дүкенінен заттар алып, оны банк карточкасы арқылы төлегені белгілі болды.

Хабарламаға сәйкес оқиға орнына барған криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктінің ізін алысқа ұзатпады. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<