Қызылордада мекемеден 1,6 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

589

0

Қызылордада мекемеден 1,6 млн теңгенің құрылыс заттарын ұрлаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы арызданған болатын. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар мекемеге тиесілі құрылыс заттарын қолды етіп, 1,6 млн теңге шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 59 және 32 жастағы күдіктілерді анықтады. Тергеу іс-әрекеттері барысында күдіктілер ұрланған мүлікті бас пайдаларына иемденіп, сатып жібергендігі белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мекеме басшысы жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген Ақсай полиция бөлімінің бастығы Нұрбол Әбдіразаққа және жедел уәкілдерге алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<