Қызылордада пробация қызметкердері ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

250

0

Фото: ҚАЖД

Бүгін А.С Пушкин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен  шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Отқа оранған он жыл» атты патриоттық кеш өткізілді.

Осы кешке ауған соғысының ардагерлерімен кездесуге  Кызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторлары да қатысты. Кездесуде «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаров пен Бекпан Алтын Жамалұлы Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдері мен естеліктерін баяндады.

Кездесуде Ауған соғысы туралы слайд көрсетіліп, «Ауған қасіреті» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.Сонымен қоса оқушылар ауған соғысы туралы өлеңдерін оқып, «Ана мұңы» атты көрініс көрсетті. Кездесу барысында ҚАЖ департаментіне қарасты 68 мекемесінің қызметкері әділет қатардағы Қайсар Бақытжанов әкесінің ауған соғысының ардагері екендігін айтып, ауған ардагердеріне жылы лебізін білдіріп, «Отан-Ана» әнін орындады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<