Қызылордада Қасым-Жомарт есімді сәби дүниеге келді

603

0

Ол – отбасының төртінші перзенті.

 

Нәресте Қызылорда облысының Жалағаш ауданында сайлау күні Қорғанбаевтар отбасында ұл бала дүниеге келген. Саяси науқан сәтінде дүниеге келген сәбиге атасы Жұматай Қорғанбаев Қасым-Жомарт деп ат қойыпты.

«Елдің қамын ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағына жұмыс істейтін азамат болсын деп, есімін Қасым-Жомарт қойдым. Ал бүгінгі сайлауда кімге дауыс бергенім құпия болсын», – деді кішкентай Қасым-Жомарттың атасы.

Нәрестенің салмағы – 4 келі 400 грамм, бойы – 55 см. Сәби мен анасының жағдайы жақсы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<