Қызылордада шағын автобус өртеніп кетті

403

0

Қызылордада жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті. Оқиға 15 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18.10 шамасында болды. Облыс орталығында орналасқан Қорқыт ата көшесінің бойындағы теміржолдың астынан өтетін көпір маңында шағын автобус өртенген.

«Оқиға орнына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 1 техника 5 қызметкер барды. Мамандар барған сәтте «Mitsubishi» микроавтобусы жанып жатқан. Онда мінген жолаушылардың барлығы аман. Өрт 18:18-де сөндірілді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Әділжан ҮМБЕТ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<