Қызылордада шекара бекетіндегі әскери мамандар толықтай дауыс берді

693

0

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы шекара бекеттеріндегі əскери мамандар түгелдей дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскери мамандар Жанқожа батыр жəне Кəрібай бұлақ шекара бекеттерінде қызмет атқарады. Олар №79 дауыс беру учаскесіне қарайды. Екі заставада 44 адам дауыс беру құқығына ие. «Біз шекара бекеттерінде қызмет атқарамыз. Бүгінгі Конституцияға түзетулер мен өзгерістер енгізуге арналған референдум шарасына толықтай қатыстық», – дейді әскери мамандар.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<