Қызылордада талға соғылған жеңіл көлік толығымен жанып кетті

335

0

Фото: pexels.com

Қызылорда қаласында жол бойындағы талға соғылған жеңіл көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға облыс орталығындағы Сүлейменов көшесі №37 тұрғын үйдің тұсындағы жол бойында бүгін, сағат 2.25 шамасында болған.

«Жол бойындағы талға соғылған «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанды. Өрт сағат 2.39 минут өткенде толық сөндірілді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Оқиға орнында ТЖД-нен 5 қызметкер 1 техникамен жұмыс жасады.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі бөлімі, жедел жәрдем бригадасы, Қызылорда электр тарату торабынан мамандар қызмет атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 4 мың бөдене асырап отырған фабрика өртеніп кетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<