Қызылордада үш күнде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 19 дерек анықталды

485

0

«Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы барысында Қызылорда облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзған 19 дерек анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Бауыржан Ибраев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қазаннан қараша айының 19-на дейін облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларды, биологиялық-ресурстық объектілер мен заңсыз айналымды анықтау және олардың жолын кесуге бағытталған. Жүргізілген рейд барысында полицейлер 3 күнде табиғат қорғау заңнамасын бұзған жалпы 19 деректі анықтады. Оның ішінде, жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау қағидатын бұзған 10 дерек әшкере болды. Балық аулау және басқа да су жануарларын қорғау қағидатын бұзудың 5 дерегі тіркелді», – деп мәлім етті Бауыржан Ибраев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, аталған бағыттағы заң бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<