Қызылорда қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Сұңқар» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің жаяу жүргіншілерді анықтау функциясы іске қосылды.
Облыстық полиция департаменті жүйе тесттік режимде жұмыс істей бастағанын мәлімдеді.
— Жүйе жаяу жүргіншіге арналған өткелдерде жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректерін автоматты түрде тіркейді. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге қатысушыларына жол бермеген көліктерді анықтайды. Жобаның басты мақсаты — жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, — делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары осы орайда жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жаяу жүргінші өткелдерінде жолдан өтушілерге міндетті түрде басымдық беруге және өзара құрмет қағидатын ұстануға шақырады.






