Қызылордада жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпірдің құрылысы жүргізілуде

598

0

Теміржол арқылы өтетін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Биыл бұл бағытта Белкөл кентіндегі теміржолдың екі бетін байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілсе, қазіргі таңда Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы бастау алды.

Жалпы ұзындығы 55 метрді құрайтын көпірдің құрылысына Ұлттық қор және облыстық бюджеттен 320,6 млн теңге бөлінді. Құрылыс – монтаж жұмыстарын жеңімпаз атанған мердігер мекеме «Гүлнұр МК» ЖШС атқаруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<