Қызылордадағы NIS мұғалімі IMPACT OLYMPIAD-2023 жеңімпазы атанды

808

0

Математика, физика және информатика олимпиадалық резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының «IMPACT Olympiad-2023»V Халықаралық ашық шығармашылық байқауында Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектеп мұғалімі Бәймен Сәбит I орынды иеленді.

Биыл дәстүрлі байқауға Ресей, Монғолия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның үздік мектептерінен 250-ден астам мұғалім мен жаттықтырушы қатысты. Педагогтер математикалық есептерді шығарудан жарысып, әдістемелік шеберліктерін шыңдады.

Сонымен қатар олимпиада барысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып, қатысушылар үздік педагогикалық тәжірибелермен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<