Қызылордалық «Асыл Дән LTD» ЖШС-ға дауыс берейік

398

0

Қызылордалық «Асыл Дән LTD» ЖШС республикалық «Ұлы дала елі» байқауының финалдық кезеңіне шықты.

Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары!

«Ұлы дала елі» брендін алу үшін байқауға қатысып жатқан қызылордалық «Асыл Дән LTD» ЖШС-ға дауыс беріп, қолдайық!

20 қарашаға дейін дауыс беруге болады.

Сілтеме:

https://formdesigner.ru/form/190143-golosovanie_uly_dala_eli.html

Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (қызметтерді) өндірумен айналысатын және өнімдерді экспорттайтын заңды тұлғалар қатысады.

Байқаудың негізгі мақсаты тауарларды экспорттау кезінде отандық компанияны және оның жоғары сапалы өнімін «Ұлы дала елі» ортақ брендімен ынталандыру және позициялау, елдің шет елдерде танымалдығын арттыру.

2016 жылдан бастап 16 отандық экспортер байқаудың жеңімпазы атанып, «Ұлы дала елі» бірыңғай брендін пайдалану құқығына ие болды. 16 жеңімпаздың бірі «Абай-Дәулет» ЖШС (2019 жылғы жеңімпаз).

Биыл 7 компания финалдық кезеңге өтті. Солардың бірі – қызылордалық «Асыл Дән LTD» ЖШС.

«Асыл дән LTD» ЖШС күріштің Лидер, Янтарь, Баракат сорттарын, сонымен бірге күріш ұнын, жармасын, тарысын, қауызын және т. б. өндірумен айналысады. Компания 2013 жылы құрылған. 30 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Серіктестіктің өнімдері полипропилен және полиэтилен қаптарда 25 кг, 10 кг, 5 кг, 3 кг, 800 гр қаптамаларда ұсынылады. Сондай-ақ, компания шаруа қожалықтарымен бірлесіп күріш егеді.

Компанияның тәулігіне 100 тоннаға дейін дайын өнім шығаратын зауыты, шығарылатын өнімнің сапасын және өңдеудің барлық процесін бақылайтын зертханасы, автотаразы, шикізат пен дайын өнімді сақтауға арналған қоймалары бар. Өнімдерін экспортқа шығарып жатыр.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<